Текст
"Әсем-ай" бейнелеу өнері үйірмесінің оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған балалар суреттері конкурсының жеңімпаздары атанды. Үйірме оқушылары гуашпен мемлекеттік рәміздерді – мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігінің элементтерін салды. Байқау қорытындысы бойынша дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.