Текст
“Әсем-ай” сурет үйірмесінің оқушылары биылғы көктем мезгіліндегі табиғаттың оянуына, әсем гүлдердің гүлдеуіне арналған тақырыпта сурет пен қолөнерден жаттығып жүр. Бәйшешек гүлдерін қағаз бүктеу техникасы-оригами түрінде орындаса, сирень гүлдерін түрлі-түсті қағаздан қию жолымен шығарды. Сонымен қатар атлас ленталарын ыстық желіммен бекіту техникасымен де нәзіктігімен көз тартатын, әрі көлемділігімен ерекшеленетін гүлдер үлгісін жасап шығарды. Жалпы “Көктем гүлдері” тақырыбында суреттер салумен қатар осындай әртүрлі әдіс-тәсілдерді тамаша меңгерді.