Текст
Оқу өндірістік комбинатындағы "Әсем-ай" үйірмесінің оқушылары көктем көрінісін шеберлікпен бейнелейді. Олар алғашқы болып гүлдейтін бәйшешек және сирень гүлдерін түрлі-түсті қағаздан қию технологиясы арқылы гүлшоғын жасап шығарды. Осылай сурет салу, қолөнер саласынан алған білімдерін шыңдап біліктерін жетілдіріп келеді.