Текст
Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы ағымдағы жылдың 8 ақпан күні техникалық үйірмелер жетекшілеріне арналған "Электроника әлеміне саяхат" тақырыбында шеберлік сағатына Ермекбай Ернұр Нұржанұлы қатысты. Шеберлік сағаттың барысында техникалық және жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері және спикерлерінің мастер-класстары көрсетілді. Білікті де тәжірибелі педагогтар өз жетістіктері мен тәжірибелерімен бөлісті.