"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ СТЕПНЯК ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК КОМБИНАТЫ" КММ
КГУ "УЧЕБНО-ПРОИЗВОДСТВЕННЫЙ КОМБИНАТ ГОРОДА СТЕПНЯК ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛНИСКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Домбырашы. Бұл қуыршақ – қобдиша.

24.02.2021

Домбырашы. Бұл қуыршақ қобдиша. Қобдиша зергерлік бұйымдарды немесе косметикалық заттарды сақтауға арналған тамаша шешім. Бұл қобдиша ерекше – домбырашы қуыршақ түрінде жасалған.

Жұмыс үшін қажетті заттар:

- қорап ретінде екі пластикалық ыдыс, ол қорапша ретінде қызмет етеді. Олар көк атласты матамен өнделген. Қуыршақтың өзі төңкерілген пластикалық ыдыстың бір бөлігінің түбіне бекітілген, бірақ қуыршақтың аяғы жоқ. Оның белдемшесі – ең алғашқы жасалатын бөлігінің бірі, ол қораптан жасалған.

Әрі қарай-көйлек жасау керек. Белдемше үшін нейлон таспасы қолданылды, оның жиегі іс тігу машинасымен жиырылып көмкерілді. Содан кейін қорапқа қатар-қатар бекітілді. Қамзөл киізден жасалған және өрнекпен безендірілген. Сәукеле үшін картон, үлбір, түйеқұстың қауырсыны және бау қолданылды.

Шаш үшін қара атласты таспа қолданылады. Ол тарқатылып, өрілген. Сондай – ақ, қуыршақтың зергерлік бұйымдары бар, паеткадан – сырға, ал балалар сақинасынан – білезік ойластырылған.

Домбыра жасау қалды. Қаңқасы коматекстен жасалған, ал оның көлемі сәйкес болу үшін крахмал+ПВА пайдаланылған. Домбыра ішегіне білезік жасауға арналған созылғыш жіп пайдаланған. Болды!!!! Жұмыс дайын!!!

Мұндай жұмыс бөлменің интерьерін безендіре алады, сонымен қатар бұл керемет сыйлық!!!

Суретте жұмыстың авторы – 11 сынып оқушысы Мыльник Елизавета

 "Канзаши клубы" үйірме жетекшісі Марина Юрьевна Гребешкова

Просмотров: 190


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст